«Зерттеуші мектеп» Сыни ойлаушы ұстаздарға арналған ұлттық журнал

Жылдық жарна 12800 тг

Егер де сіздің ұйымда мектеп мәдениетіне кедергі келтіретін мына 10 мәселе болса, онда біздің журнал мен коучингтік оқу бағдарламасы арқылы шешіңіз!

І мәселе Оқу мен оқыту әрекеттері сапасының сын көтермеуі, әлі де дәстүрлі оқытудың жалғасуы

Күнделікті оқу мен оқытуды жақсарту мақсатындағы зерттеуші фокус топтарға бірігіңіз және веб- семинарларға қатыса отырып, бізбен бірге зерттеу жүргізіңіздер.

ІІ мәселе Оқушының өз біліміне жауапкершілік алмауы, оқуға қызықпауы немесе жалған белсенділік танытуы

Оқу-жаңалық ашу жобасы. Оқушы үшін мотивация беретін өзінің ойлап табатын жобасы және оны туындату үдерісінде қалыптасатын тиімді оқу дағдылары ол үшін өмір бойы қажеттілікке жарайды. Сіз өз сабағыңызда формасы жағынан жеке, жұптық, топтық жобалар, мазмұны жағынан академиялық, әлеуметтік, ғылыми т.б. жобаларды туындатуды қалайсыз ба, онда осы бағытта зерттеуші фокус топтарға бірігіңіз.

ІІІ мәселе Үдерісті жоспарлау мен бағалаудағы сапасыздық оқу мен оқытудағы немқұрайлыққа алып келеді

Журналдағы жоспарлау мен бағалау туралы зерттеулерді оқып танысыңыз. Ұжым болып жоспарлау мен бағалау семинарларына келіңіз, вебинарлар мен видеосабақтарға, қатысып, зерттеу сабақтарын жоспарлаңыздар.

IV Ата - аналарды мектеп мәдениетіне қосатын үлесінің төмендігі

«Отбасылық сауаттылық» бағдарламасына қатысып, зерттеу жүргізіңіз және ата- аналарды өз тәжірибесімен бөлісуге тартыңыз. Ата- аналарға арналған жиналыстарды, сауалнама, сұхбат сұрақтары мен тренингтерді бізбен бірге құрастырыңыз.

V мәселе Оқушы, мұғалім, ата-аналардың кітап оқу мәдениетінің төмендеуі

Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін мектепте оқу мен жазу курстарын енгізіңіздер, бұл PISA зерттеулерінің нәтижесін арттыратынына күмәніңіз болмасын. Оқырмандықты зерттеу тәжірибелерімен журналдан оқып танысыңыз және және оқушының академиялық, эмоциялық табыстылығын дамыту мақсатында біздің фокус топтармен бірлесіп зерттеңіз, тәжірибеңізбен журналда бөлісіңіз.

VI мәселе Оқушылардың оқу әрекеттерін зерттеу үшін педагогтерге балалардың психотиптерін айқындау, эмоцияларын зерттеуге психологиялық білім жетіспеуі

Оқушылар мен ересектердің психотиптері, эмоциялары, мінез-құлқы туралы зерттеулер мен мақалаларды оқыңыз, өз тәжірибеңізде қолданыңыз. Қазіргі Z ұрпақ эмоция арқылы оқиды, оқушыларға өз эмоциясын басқаруды, басқалардың сезімдеріне нұқсан келтірмеуді үйретіңіз.

VII мәселе Ұлттық педагогикалық құндылықтардың қазіргі оқу мен оқыту тәжірибесінен тыс қалуы

А.Байтұрсыновтың жазу стратегияларын оқу үдерісіне енгізу туралы журналдағы зерттеу жұмысынан оқыңыз. Келешекте басқа да ағартушылардың ұлттық педагогикалық идеяларын бүгінгі тәжірибедегі үдеріске енгізуге байланысты зерттеуші фокус топтарға қосылыңыз.

VIII мәселе 1 сыныпқа келетін (5)6 жасар балалардың мектепке дейінгі даму бағдарламасы бойынша әлсіз қалыптасуы

1 сынып және мектепалды топ мұғалімдерінің ерте сауаттылықты дамыту туралы зерттеу жұмыстарымен журналдан оқып танысыңыз Ерте сауаттылықты дамыту жобасына бастауыш сынып мұғалімдерін оқу мен жазуды үйретудегі мәселелерді тиімді шешу үшін бірлесіп зерттеуге шақырамыз.

IX мәселе Мектеп мәдениетін басқару әлі де дәстүрлі құрылым мен мазмұнда жүруі және бөлінген көшбасшылықтың орын алмауы

Ұйымдық мінез-құлық (Роббинс Стивен, Джадж Тимати) – жеке адамның, топтың және құрылымның ұйымдардағы мінез-құлыққа тигізетін әсерін зерттейтін және сол білімді ұйымның тиімділігін жақсартуға жұмсауды мақсат ететін зерттеу саласы. Ендеше, өз ұжымыңыздың ұымдық мінез құлқы мектеп мәдениетін дамытуға ықпалды ма, бізбен бірге оқыңыз және басшы ретінде зерттеңіз.

Х мәселе ЖОО (педколледждер) мен мектептің, мектеп пен балабақшаның және басқа да үйретуші-үйренуші қауымдастықтармен бірікпеу, бірлескен зерттеулерді туындатпау

Теоретик ғалымдар мен практик мамандардың өзара бірлесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ұмтылуы. Шебер практик мамандардың ЖОО сапалы маман дайындауға үлес қосуын арттыру жобасын туындатыңыздар. Өз мектебіңіздің табысты тәжірибесін жинақтап жазуды біздің онлайнкурстарда үйреніп, «Зерттеуші мектеп» журналында және жыл сайынғы конференцияларда бөлісіңіз.

ҰЛТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Майра Рахымбаева, Ұлттық Сауаттылық қауымдастығының директоры, «Зерттеуші мектеп» журналының авторы, «Сыни сауаттылықты дамыту» жобасының тренері, коуч

Қауымдастықтың мақсаты – ұлттық сауаттылықты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды жақсарту мәселелерін көздейді.

Келесі жобалар негізінде Қауымдастық барлық деңгейдегі педагогтарды бірлесе кәсіби өсуге шақырады.

  • Сыни сауаттылық
  • Ерте сауаттылық
  • Отбасылық сауаттылық
  • Оқу сауаттылығы
  • Математикалық сауаттылық

a) Қауымдастық мектеп және мектепке дейінгі білім ұйымдарындағы педагогтардың, әдіскерлердің және оқу ісінің меңгерушілерімен басшыларының кәсіби қажеттіліктеріне негізделген ұжымдық оқыту идеяларымен Іс -әрекетті зерттеу тәжірибесімен айналысады.

b) Қауымдастық елдегі оқырмандықты дамыту арқылы ұлттық сауаттылықты дамытуға үлес қосады. Балалар мен жастарды оқырмандыққа тарту арқылы мектеп қоғамындағы табыстылықты күшейтуге ат салысады. Оқу мен оқыту және оқырмандық процесті зерттеуді Отандық және халықаралық ағартушылар мен педагог зерттеушілердің идеясы негізінде іске асыруды көздейді.

c) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы тұлғаға бағытталған оқытуды мақсат етеді.

d) Оқырман отбасыларын үлгілеу және оқушыларды жергілікті қауымды зерттеуге үйрету арқылы арқылы азаматтыққа, патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін қарастырады.

e) Жоғары оқу орындарының педагог студенттерімен бірлесе жұмыс жасай отырып, оларды балабақша және мектептегі жаңартылған мазмұндағы бағдарламалармен оқыту идеяларын іске асыру негізінде ЖОО оқытушыларымен бірге зерттеулер жүргізеді.

f) Педагогикалық колледждер, жалпы орта мектеп ұжымдары, балабақшалар мен әдіскерлік орталықтар Қауымдастыққа мүше болу арқылы қала, облыс және республикалық көлемінде тәжірибе алмасуға «Зерттеуші мектеп» кәсіби журналында тәжірибелерін, зерттеулерін жариялауға, сондай-ақ, Оқу және Зерттеу конференцияларына қатысуға мүмкіндік алады.

2019-2020 оқу жылында қауымдастыққа мүшелікте болған мектептер

  • Акмола облысы, Бұланды ауданының «Қараөзек» мектебі, директоры Даирова Қалимаш Егинбаевна
  • Түркістан облысы, Шардара ауданы, «Достық» жалпы орта мектебінің ұжымы, фокус топ жетекшісі, оқу ісінің орынбасары Ахметова Карима
  • Нұр-Сұлтан қаласының Ә.Марғұлан атындағы №40 мектебі, директоры Базыл Жангелді
  • Нұр-Сұлтан қаласының №61 мектеп ұжымы, директоры Омарханов Ернұр Аханұлы
  • Шымкент қаласының №129 жалпы орта мектебі, директоры Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы
  • Шымкент қаласының №128 жалпы орта мектебі, Бейсенова Разия Тасбалтаевна
  • Шымкент қаласының А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейі ұжымы, директоры Аюбаева Толқын Болатбековна
  • Шымкент қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директоры Керімбаева Айгүл Абдуалиқызы
  • Шымкент қаласының №52 мектеп- лицейі, директоры Бимұрзаева Айнұр Жарылқасынқызы
Image Image Image Image Image Image

Зерттеуші мектеп журналына ұжыммен жазылу және жыл бойы тегін оқу

Зерттеуші мектеп журналына ұжыммен жазылу және жыл бойы тегін оқу